Жаңалықтар
Таза ауа – жанға дауа
Таза ауа – жанға дауа. Таза ауамен тыныстау кез келген аурудың алдын алады. Бүгін апта сайынғы дәстүрге сай Түркістан облысы “Облыстық фтизиопульмонология орталығы” аумағын көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру мақсатында сәрсенбілік тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық шарасында мекеме ауласы тазартылып, ағаш түбін қопсытып, гүлдер суғарылып, арық-атыздар шабылып, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Аптаның әр сәрсенбісінде әдетке айналған тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері түгел атсалысты.
“Таза аула - Таза Қазақстан”. Еліміздің әрбір азаматы ауланың көркейіп, гүлденуіне бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет. Игі істі өз ауламыздан бастап, тазалық сақтайық!
@turkistandsb #тазалық #тазалықтысақтайық #денсаулық #фтизиопульмонология #түркістаноблысы
×
Артқа қайту