Logo

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Жаңалықтар

Түркістан облысы “Облыстық фтизиопульмонология орталығында” 25 қазан Республика күніне орай мерекелік іс-шара өтті.


Түркістан облысы “Облыстық фтизиопульмонология орталығында” 25 қазан Республика күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Жиынды орталық басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Рамазан Бектурганов ашып, барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтады.

Мереке қарсаңында орталығымыздың бірнеше қызметкері Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының және “Аманат” партиясының “Алғыс хатымен”, “DENSAULYK” денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы басшысының, орталық басшысы Рамазан Сейдахметовичтің атынан “Құрмет грамотасымен” және “Алғыс хатпен” марапатталып, гүл шоқтары табыс етілді. Барлық марапат иелеріне ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, ән королі Шәмші Қалдаяқов туралы фотоальбом-кітап сыйға берілді. Кеш соңында Ш.Қалдаяқов атындағы филармония өнерпаздары мен “Ер-Тұран” тобы өнер көрсетіп, әннен шашу шашты. Мың бұралған бишілер де көптің көңілінен шығып, іс-шара мерекелік концертпен жалғасты.

Артқа қайту



chef.jpg

Рамазан Сейдахметович Бектурганов

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Басшы


Ғаламаторда

Пайдалы сайттар

Біз картада

Байланыс жолдары

160800, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жібек жол даңғылы, 13/1 ғимарат.

«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» байланыс

  • 8 (7252) 322269
Бас дәрігердің қабылдау бөлімі: 8 (7252) 322095, 322911, 321824 (факс)
Сенім телефоны: 8 (7252) 322269