Жаңалықтар
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша семинар өтті
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы "Облыстық фтизиопульмонология орталығының” қызметкерлеріне Шымкент қаласы Әль-Фараби аудандық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Ж.Аяпов өртке қарсы қауіпсіздік ережелері туралы семинар өтті.
Шара барысында подполковник Ж.Аяпов мекеме қызметкерлеріне өртке қарсы режимімен таныстырып, өрт сөндірудің бастапқы кезеңдерінде қолданылатын техникалық құралдарын көрнекі түрде көрсетіп, оларды қолдану тәсілдерін түсіндірді.
Сонымен бірге, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығына тоқталып, өрт қауіпсіздігін сақтамау орны толмас салдарға әкеліп соғатынын айтты. Семинар соңында қызметкерлер бірқатар сұрақтар қойып, тәжірибе түрінде де мысалдар келтірілген жауап алды.
×
Артқа қайту