Logo

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Жаңалықтар

Еркектің жыныс мүшелерінің туберкулезі


photo_5339031635175262579_y.jpg

Еркектің жыныс мүшелері туберкулезімен ауыратын науқастардың жалпы күйі көбіне қанағаттанарлық болады. Еркектің жыныс мүшелері туберкулезінің этиологиясы басқа мүшелердің осындай туберкулезіне ұқсас болады, оның патогенезіне тән ерекшелік оның бүйрек пен несеп жолдары туберкулезімен байланысы болып табылады.

Қуықасты безінің, ұрық көпіршіктерінің, ен мен ен қосалқысының туберкулезімен ауыратын науқастардан олардың бүйрегі мен жоғарғы несеп жолдарын мұқият зерттегенде шамамен 50 процентінен туберкулез процесі табылған.

Бүйрек туберкулезіндегідей, туберкулездің алғашқы немесе кейінгі таралу кезеңінде инфекция гематогенді жолмен жыныс мүшелеріне түседі. Алайда мүшеге туберкулез микобактерияларының түсуі барлық жағдайларда бірдей аурудың клиникалық дамуын көрсетпейді, ол кейінірек әлде бір жаңа немесе жергілікті қолайсыз факторлардың (тоңу, сыртқы жыныс мүшелерініц зақымдануы және т.с.с.) әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Ен қосалқысының туберкулезі көбіне еркектің жыныс мүшесі туберкулезінің алғашқы клиникалық көрінісі болып табылады. Сондықтан бұрын туберкулез алдымен ен қосалқысын зақымдайды, одан соң басқа жыныс мүшелеріне таралады деп есептейтін, яғни туберкулез ең алдымен қуық асты безінде пайда болып, кейін ұрық көпіршігі мен ен қосалқысына таралады деп қабылданды.

Куық асты безі мен ен қосалқысының бір мезгілде гематогенді зақымдануы да жоққа шығарылмаған. Қалай болғанда да, еркектің жыныс мүшелері туберкулезінің патогенезі жөніндегі мағлұматтардан мынадай практикалық қорытынды шығады: ен қосалқысы туберкулезінің белгілері білінгенде басқа жы¬ныс мүшелері несеп жүйесінің мүшелерін тексеру қажет. Патологиялық анатомия. Еркектің жыныс мүшелері туберкулезінің макроскопиялық морфологиялык көрінісі өте ерекше болады. Бастапқы сатыда, инфильтративтік процесте мүшенін ісігені, бөрткені, нығыздалғаны байқалады, оның беті бедерленеді.

Аурудың одан әрі дамуында инфильтрация ошақтары іріңдеп, ыдырай бастайды. Бірқатар жағдайларда бұл процесс көршілес тканьдерді (ен мен ен қосалқысынын туберкулезінде ұманы, куық безінің туберкулезінде - несеп шығару өзегін) де қамтиды. Туберкулез ошақтары некрозды және іріңді заттардан арылып, каверналар түзіледі. Ен қосалқысының туберкулезі көбіне оның төменгі, «құйрық» бөлімінде басталып, одан соң осы мүшенің қалған бөлімдеріне, сондай-ақ еннің оған жанасып жатқан бөлігіне де таралады. Процестің басында ен мен оның косалқысының бетінен жекелеген туберкулез төмпешіктері керінеді.

Біртіндеп ен қосалқысы немесе еннің өзі қосалқымен бірге ыдырау және іріңдеу ошағына айналады. Көп жағдайларда ен қосалқысының үлкейетіні соншама, ол енді барлық жағынан дерлік коршап алады, бірақ еннің өзі өзгеріссіз қалады - ол ен қосалқысына қараганда әлдеқайда сирек зақымданады. Ен мен ен қосалқысының туберкулезі көбіне екі жақты болады, бірақ әдетте алдымен бір жақта пайда болады. Қуық асты безі мен ұрық көпіршіктерінің туберкулезі де төмпешік түзуден басталады.

Мұндай төмпешіктер кейін инфильтрация ошақтарына қосылып, казеозды некроз бен іріңді ыдырауға ұшырайды. Тубер¬кулез абсцесі пайда болып, көршілес тканьдерге (барынша колайлы жағдайларда — несеп шығару өзегіне) ашылады да, олар босаған соң - каверна пайда болады. Қуық асты безі мен ұрық көпіршіктеріндегі өзгерістер әдетте сыртқы жыныс мүшелерінің зақымданған жағына сай келетін тұста жақсы байқалады. Ауру асқынған кезде бұл процеске ұрық шығаратын өзек те катысады, ондағы толып жатқан инфильтра¬ция ошақтарында кезектесіп келіп отыратын қалыпты учаскелер бола¬ды (тәспі тәрізді ұрық шығаратын өзектің керінісі).

Еркектің жыныс мүшелері туберкулезінің микроскопиялық көрінісі басқа мүшелер туберкулезінің осындай көрінісіне ұксайды. Белгілері мен клиникалық барысы. Еркектің жыныс мүшелері туберкулезімен ауыратын науқастардың жалпы күйі көбіне қанағаттанарлық болады. Шұғыл басталатын бастапқы сатыда дене температурасы көтерілуі мүмкін, қанның анализі лейкоцитозды анықтайды, ЭТЖ артады. Еркектердің жыныс мүшелері туберкулезінің жергілікті белгілері айтарлықтай патогномиялы. Процестің алғашқы клиникалық көрінісі, көрінісі, әдеттте, ен қосалқысы жағындағы өзгерістер болып табылады.

Ен қосалқысының туберкулезі еркектердің жыныс мүшелеріндегі барлық аурулардың шамамен 20 процентін кұрайды. Әртүрлі статистикалық мағлұматтарға қарағанда, 7-50 процент жағдайларда ен қосалқысының екі жақты ауруы кездеседі. Бұрын туберкулез эпидидимитіне болбыр, созылмалы ауру тән деп есептейтін. Алайда жарақаттануға немесе суық тиюге байланысты ен қосалқысының туберкулезі науқастардың 1/3-інде жедел басталады.

Мұнда ұманың тиісті жартысы қатты ауырып, бірнеше сагаттың ішінде гиперемия мен оның ісінуі басталады. Ұма үлкейеді, ен мен ен қосалқысы нығыздалады. 3-5 күннен кейін жедел ауру басылады, бірақ үлкеюі, әркелкі нығыздалуы және бедерлілігі сақталады. Бұдан әрі зақымданған ен қосалқысы ұманың терісімен бірігіп, одан соң бұл тұста іріңді жыланкөз пайда болады.

Мұндай жыланкөз ен қосалқысы кабынуының туберкулезді тегіне тән белгі болып табылады, бұл оның биарнамалы эпидидимиттен айырмашылығы болып саналады. Іріңді жыланкөзбен шығуы науқасқа біраз жеңілдік әкеледі, бірақ ен косалқысындағы өзгерістер өрши береді, ен қосалқысының орнында біртұтас төмпешікті тығыз конгломерат пайда болады. Қуық асты безі туберкулезінің белгілері аса көп емес. Ауру басталғанда науқастар зәр шығарудын болмашы бұзылғанына, көптеген ауру түйсіктеріне шағым жасайды, көбіне шағымданбайды.

Осы қуыстар мен несеп шығару өзегі арасындагы үрпіден ірің шығуына ұштасатын терең жара мен безде туберкулез қуыстары пайда болғанда дизурия кұбылыстары кенет көбейеді. Әдетте мұндай науқастардың зәрінен туберкулез микобактерияларын табады. Қуықасты безі туберкулезінің объективтік белгілері өзіне тән болады. Бастапқы сатыда оны тік ішек арқылы саусақпен зерттегенде без бетінін сәл төмпешікті екенін, оның терең қабатында шағын түйіндердің болатынын анықтайды. Аурудын едәуір кенет сатыларына қуық безінде қомақты, қатты түйіндердің болуы тән.

Ұрык көпіршігінің туберкулезінде оны қуық асты безі үстіндегі жұмыр түйінді сипау арқылы анықтайды. Көбіне ұрык көпіршіктерінің туберкулезі қуық безінің туберкулезіне ұласатындықтан, процесс асқынған жағдайда олар қосылып кетеді. Ұрык шығаратын өзек туберкулезін ондағы тәспі тәрізді түйіндерді сипау арқылы байқайды. Егер бұл процеске ұрык бауының тканьдері қатысатын болса, ол жуандап, нығыздалады (туберкулез фуникулиті).

Жыныс мүшесінің туберкулезі оның басындағы жара және каверналы дененің түйіндері түрінде ете сирек кездеседі. Жыныс мүшелерінде көптеген төмпешіктер, ал ұмада іріңді жыланкөздер пайда болатын өте асқынған жағдайларда ғана ауруды анықтау қиындық туғызбайды. Аурудың ерте сатыларында диагноз қою көбіне қиын болады. Ең алдымен анамнезге көңіл аудару қажет. Белгілі бір басқа мүшенің, әсіресе бүйрек пен несеп жолдарының туберкулезді бастан өткізуі зор диагностикалық маңызға ие болады.

Туберкулезбен ауырып шыққан науқаста эпидидимит пайда болады, ең алдымен туберкулез этиологиясына күмән туғызу керек. Белгілі бір мүшенің туберкулезбен катар жарақаттануының бұдан да зор диагностикалық манызы бар. Созылмалы эпидидимитте өкпені, бүйрек пен басқа да мүшелерді мұқият зерттеу кажет. Лабораториялық зерттеулер еркектің жыныс мүшелерінің туберкулезін ерте анықтауда маңызды рөл атқарады. Олар лейкоцитурияны анықтай алады, ал лейкоцитурия бүйрек пен жоғары несеп жолдары туберкулезінің немесе қуық безі туберкулезінің салдары болуы мүмкін. Несептің екі немесе үш үлгісін зерттеу арқылы лей¬коцитурия көзін анықтайды.

Туберкулез микобактериуриясын табудың маңызы зор, өйткені еркектерде оның көзі бүйрек пен несеп жолдары ғана емес, сондай-ақ қуық асты безі де болуы мүмкін. Созылмалы түрде өтетін эпидидимиттің әрбір жағдайында несеп пен қуық асты безінің секретінен туберкулез микобактерияларын іздестіру қажет. Өкпені, бүйрек пен несеп жолдарын рентгенологиялық зерттеу диагностиканың келесі кезеңі болып табылады. Бүйректен немесе өкпеден туберкулез өзгерістерін табу жыныс мүшелері зақымдануының туберкулездік сипатына маңызды дәлел болады.

Еркектердің жыныс мүшелерін рентгенологиялық зерттеу әдістері мынадай: вазовезикулография, эпидидимография (жалпы атауы «генитография»). Бұл әдістерді пайдалануда ұрық шығаратын өзектің аз бөлігін операциялық жолмен ашып, оның қуысына рентгенконтраст зат (әдетте йодлипол) жібереді: мезикулография үшін - ұрык көпіршігіне карай, эпидидимография үшін- ен қосалқысына қарай. Осы арқылы ұрық көпіршігінің, ұрық шығаратын өзек пен ен қосалқысының рентгенограммасында бейне алынады.

Туберкулезбен зақымдануға ұрық шығаратын жолдардың белгілі бір бөліміндегі өзгерістер немесе өткізгіштіктің жойылуы тән. Еркектердің жыныс мүшелері туберкулезінің диагнозын дәлелдеудің ең сенімді әдісі - биопсия. Ен мен ен қосалқысы тканінің бір тілімін әдетте ашық (операциялық) жолмен, ал қуық асты безі мен ұрық көпіршігі тканінің бір тілімін - пункциялық биопсия жолымен алады. Клиникалық-лабораториялық әдістер арқылы қуық туберкулезін рактан, асқынған созылмалы простатиттен, ал ен қосалқысының туберкулезін- созылмалы эпидидимит пен қосалқы ісігінен, ен туберкулезін - ісіктен, жыныс мушесінің туберкулезін - рактан айыру қиын болады.

Бұл аурулардың бәрінің клиникалық көрінісі бірдей: мүше үлкейеді, ткань ошақтанып, нығыздалады, оның беті бедерленеді. Дифференциалдық диагностика несептен немесе күдікті мүшедегі пунктаттан туберкулез микобактериясын табуға және биопсия мағлұматтарына сүйенеді. Емдеу. Бүйрек туберкулезіне қарағанда еркектердің жыныс мүшесінің туберкулезі арнайы химиотерапияға әзер көндігеді, бұл олардың васкуляризациясының нашарлығына байланысты. Сонымен қатар басқа да препараттардың әсерімен ен мен ен қосалқысы синусының тканіндегі туберкулез ошақтарының орнында тыртықты өзгерістер пайда болады, бұлар кебіне ұрық шығаратын жолдардың өткізгіштігін бұзып, зақымданған ен қосалқысын сақтауды қажетсіз етеді. Анық айқындалған ен қосалкысы туберкулезінде тубер¬кулез ошағын дер кезінде жоюдың маңызы зор, өйткені ол басқа мүшелер үшін, оның ішінде зақымдануы ұрықтану қабілетін толық жоюға әкеп соқтыратын қарама-қарсы жақтағы жыныс мүшелері үшін инспек¬ция көзі болып табылады.

Осыған байланысты еркектердің жыныс мүшелерінің туберкулезін емдеу стрептомицин дәуірінде де негізінде операциялық жолмен шешілетін болып қалуда. Ен қосалқысының туберкулезінде әдетте оның қосалқысын сылып тастайды- эпидидимэктомия жүргізеді, бірақ бұл мүше ішінара зақымданғанда оны кесуі мүмкін. Ен жаппай зақымданғанда оны алып тастай¬ды (орхиэктомия), ал ішінара зақымданғанда- енді кеседі. Соңғы жылдары ен мен ен қосалқысы туберкулезінде бұдан да үнемді мүше сақтайтын операцияларды - кавернотомия меи кавернэктомиялы жүргізуде, яғни туберкулез ошағын кең ашып, құрғатады.

Қуык асты безі мен ұрық көпіршіктерінің туберкулезінде негізінен операциясыз емдейді. Бұл мүшелердегі туберкулез абсцесі ғана бұл ережеге көнбейді. Абсцесті ашуды тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы немесе тік ішекке енгізілген саусақпен бақылай отырып, аралық арқы¬лы жургізеді. Барынша жұмсарған учаскеге ине пункциясын жасау арқылы алдын ала абсцестін бар екеніне көз жеткізеді. Ұрық көпіршігіне ірің жиналса (эмпиемада) везикулэктомия жүргізеді.

Еркектің жыныс мүшелерінің туберкулізімен ауыратын науқастар туберкулез диспансерінде ұзақ уақыт фтизиоурологтың бақылауында бо¬лып, толық айыққанға дейін жүйелі химиотерапия қабылдауы тиіс. Санаторий-курортта емделудің, климатотерапияның, режим мен диетаның зор маңызы бар.


Түркістан облысы «Облыстық фтизиопульмонология орталығының»

 өкпеден тыс туберкулезді емдеуші фтизиатры Шопаев Б.О.





Артқа қайту



chef.jpg

Рамазан Сейдахметович Бектурганов

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Басшы


Ғаламаторда

Пайдалы сайттар

Біз картада

Байланыс жолдары

160800, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жібек жол даңғылы, 13/1 ғимарат.

«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» байланыс

  • 8 (7252) 322269
Бас дәрігердің қабылдау бөлімі: 8 (7252) 322095, 322911, 321824 (факс)
Сенім телефоны: 8 (7252) 322269