Жаңалықтар
Бейнебақылаумен емдеу ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Бейнебақылаумен емдеу ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Бейнебақылаумен емдеу (ББЕ) амбулоториялық науқастың туберкулезге қарсы дәрілерді үйде (оқу орнында, жұмыста және т.б) қабылдауын қазіргі заманғы технололгияларды пайдалана отырып (Skype, WhatsApp секілді), бейне режимінде қадағалап, барлық белгіленген дәрілер дұрыс және уақытылы қабылданғандығына жүз пайыз сенімді болуына мүмкіндік береді. Бейнебақылаумен емдеу бағдарламалары төмендегідей басымдылықтарға ие болғандықтан әлемде кеңінен қолданылып келеді:
•Науқастардың көлік шығындарын қысқартады, бос уақыттарын көбейтеді, оларды ұзақ сапарларда (сонымен қатаркөлікпен үйге барар жолды қоса алғанда) дәрі қабылдағаннан кейін дәрілердің кері әсері салдарынан болатын қолайсыздықтардан сақтайды
• Туберкулезге қарсы қызметтің ресурстарын ұтымды пайдалану •Пациенттерде емделуге деген бейілділікті және жалпы емдеу нәтижелерін жақсартуды қамтамасыз ету. Сондай-ақ науқастардың туберкулезге қарсы кабинетке баруы мен олардың туберкулезге қарсы дәрілерді (ТҚД) дистанциялық тәртіпте қабылдауы медициналық қызметкердің тікелей бақылауында болады.
×
Артқа қайту