Logo

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Жаңалықтар

АИТВ қалай анықтауға болады?


АИТВ инфекциясы қоздырғышының жұқтыру қаупі жоғары болатын адам ағзасының биологиялық сұйықтықтарына: қан, әйелдің қынап сұйықтығы,ерлердің шәуеті, ананың сүті жатады. Сондықтан да АИТВ-ң негізгі үш жұғу жолдары анықталған. -Қан және оның компонеттері арқылы; -Қорғалмаған жыныстық жол арқылы; -Анадан балаға берілу жолы арқылы жұғады.

Қан арқылы АИТВ-ға тексерілмеген адамның қанын құйған жағдайда немесе иньекциялық есірткі тұтынушылар бір шприцті бірнеше адам пайдаланғанда жұғады.

АИТВ-ға шалдыққан адамды түр келбетіне қарап АИТВ жұқтырған деп айта алмаймыз. АИТВ инфекциясы жас талғамайды, ұлт, нәсіл, жыныс талғамайды, кез келген адам шалдығуы мүмкін. АИТВ инфекциясы тұмау тәрізді ауа тамшылы жолмен жұқпайды, тек қана жоғарыдағы биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғады.

АИТВ инфекциясы төмендегі жағдайларда жұқпайды: сүйіскенде, қол алысқанда, тамақтанғанда, төсек жабындылары арқылы, суға түскенде. 

АИТВ-ны қалай анықтауға болады? ИФА әдісі арқылы қандағы қоздырғышқа қарсы денелерді анықтайды. Қарсы дене дегеніміз - ол организмдегі қоздырғышқа қарсы жауап ретінде пайда болатын белоктар. Егер тестілеу қорытындысы оң нәтиже берсе, онда адам қанында қоздырғышқа қарсы денелер бар дегенді білдіреді, яғни АИТВ жұқтырған болып есептеледі.

Адамдарды АИТВ тексерту не үшін қажет?

 - Түрлі жұқпалардың алдын алып, дер кезінде емдеу үшін;

- АИТВ жұқтырған жағдайда аурудың дамуын бәсеңдететін вирусқа қарсы препараттарды дер кезінде қолдану үшін;

- өзіне жақын адамдарына, туыстарына, дос-жарандарына жұқтырмау үшін;

- АИТВ жұқтырған анадан балаға-жүктілік, босану, емізу кезінде алдын алу үшін.

Әрбір адам өзінің АИТВ статусын білуге құқылы. Ол үшін емдеу алдын алу мекемелеріне АИТВ- ға тексерілу тегін жүргізіледі.


Артқа қайту



chef.jpg

Рамазан Сейдахметович Бектурганов

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Басшы


Ғаламаторда

Пайдалы сайттар

Біз картада

Байланыс жолдары

160800, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жібек жол даңғылы, 13/1 ғимарат.

«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» байланыс

  • 8 (7252) 322269
Бас дәрігердің қабылдау бөлімі: 8 (7252) 322095, 322911, 321824 (факс)
Сенім телефоны: 8 (7252) 322269